Жеңіске жетелеген күш!

«Сүмбіле» балабақшасының балалары каратэ турнирінде топ жарды!

"Сүмбіле" балабақшасында спортқа деген құштарлық күннен-күнге артып келеді! 20 қаңтардан бастап ашылған карате үйірмесі балаларға дене шынықтыру, тәртіп пен өзіне деген сенімділік дағдыларын дамытуға көмектесуде. 🥋💪

Бұл үйірмеге 4-6 жас аралығындағы балалар қатысып, кәсіби бапкерлердің жетекшілігімен өз шеберліктерін шыңдауда:

🏆 Үйірме бапкері:

🔹 Анарбек Жандос Аманкелдіұлы – Қара белдіктің 2-ші дан иегері, балалармен жұмыс істеудің шебері. 🥋📅 22 ақпанда балабақшалар арасында өткен JANDOS DOJO CUP каратэ жарысында біздің балабақшаның 14 тәрбиеленушісі бақ сынады!

🏅 Жарысқа қатысқан балалар:

Кайратхан Алинур ✅

Бекен Райымбек ✅

Мурат Айлара ✅

Серікбай Әмір ✅

Жағыпаров Ақарыс ✅

Бәке Жамиля ✅

Ербатыр Абухайыр ✅

Данияр Ясмина ✅

Оспанғали Айсана ✅

Турсынбай Ерасыл ✅

Жакан Аяла ✅

Хамар Тамерлан ✅

Ерғали Раяна ✅

Ширмахаметов Рамиль ✅

🔥 Біздің батыл бүлдіршіндеріміз 1, 2, 3 орындарды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді! 🏆👏 Бұл олардың еңбегі мен талпынысының айқын дәлелі.

Каратэ тек спорт қана емес, бұл – ерік-жігерді шыңдайтын үлкен мектеп. "Сүмбіле" балабақшасының балалары өздерінің мықты әрі батыл екенін дәлелдеді! 💪🥋

Келесі жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!🔥