🔥 Қауіпсіздік – басты назарда!

🔥 Қауіпсіздік – басты назарда! "Сүмбіле" балабақшасында "Өрт қауіпсіздігі" сабағы өтті 🧯🚒









Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Осы орайда, "Сүмбіле" балабақшасында тәрбиеленушілермен "Өрт қауіпсіздігі" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – кішкентай бүлдіршіндерге төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйрету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
🧑🚒 Балалар:
- Өрт сөндіруші мамандығымен танысты;
- 101 нөмірін жаттап алды;
- Өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін білді;
Арнайы бейнероликтер көріп, қауіпсіздік ережелерін еске сақтады.
✨ Осындай сабақтар балалардың жауапкершілік сезімін арттырып, өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне мән беруге үйретеді.
Біз балаларды тек біліммен ғана емес, өмірлік маңызы бар дағдылармен де қаруландыруды мақсат етеміз!