"Сүмбіле" балабақшасы

Әр баланы махаббатпен тәрбиелейтін мекен 🥰

Балабақша туралы

Мекеменің толық атауы, құрылу тарихы: 2018 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызында құрылтайшымыз – Райкүл Жахатовнаның бастауымен балабақшамыздың ресми ашылу салтанаты өтті.
«Сүмбіле»- Бұл жұлдыздың латынша атауы Sirius, ол көне грек тілінде «жалындаған», «оттай жанған» деген мағынаны білдіреді.

Сүмбіле (Sirius) – түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз!  Оның жарығы күшті, жол көрсетеді, бағыт-бағдар береді. Біз балабақшамызға осы атауды беру арқылы әр бүлдіршініміздің дәл осы жұлдыз секілді жарқырап, ерекше болуын қалаймыз!

  • Сүмбіле ең жарық жұлдыз – Біз де әр баланың ішкі жарығын, дарынын ашуға көмектесеміз.
  • Бағыт-бағдар беретін жұлдыз – Балаларымызға дұрыс тәрбие, сапалы білім беріп, болашаққа нық қадам жасауына жол ашамыз.
  • Жаңару мен дамудың символы – Әр бала – шексіз мүмкіндіктер әлемі! Біздің міндетіміз – олардың қабілеттерін дамыту.
  • Егіз жұлдыз жүйесі сияқты – Біз балалармен бірге дамимыз, олардан үйренеміз, оларды үйретеміз.

«Сүмбіле» балабақшасында әр бала – өз әлемінің жұлдызы! Біз олардың жарқырауы үшін ең жақсы жағдай жасаймыз!

Біздің миссиямыз

«Сүмбіле» балабақшасында әр бала – жарық жұлдыз! Біздің миссиямыз – олардың дарынын ашып, жарқырауына ең жақсы жағдай жасау. Біз әр баланың болашағына жарық сәуле сыйлаймыз!

Мекеменің   мақсаты:

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдау. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Бәсекеге қабілеті  мен құзіретті, әрбір іс-әрекетке креативті көзқараспен қарайтын, ана тілімен бірге өзге де тілдерді меңгере алатын әлемдік сұранысқа жауап бере алатын тұлға қалыптастыру.  Тәрбиелі, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу мен оның танымын кеңейту. Баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығын қамтамасыз ету.

Балабақша  ұстанымы:

  • Жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандарты талаптарының негізінде әдістемелік жұмыстарды жетілдіру;
  • Тәрбиелеу  білім беру жұмысының мазмұнын жаңалау;
  • Психологиялық түзету қызметін ұйымдастыру;
  • Балалардың денсаулығын нығайтып, үлгілік бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша  біліктері мен дағдыларын  қалыптастыру;
  • Оқытудың жаңа технологиясын қолдану;
  • Білім сапасын көтеру; бейімделген оқыту бағдарламаларын қолдану;

Негізгі міндеттері:

  • Педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және кәсіби әлеуетін дамыту;
  • Бес білім беру дағысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы тұлғаның білім, білік дағдыларын индикатор көрсеткіші арқылы мониторинг жүргізу;
  • Тәрбие мен оқыту үдерісін заманауи білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • Тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ;
  • Жаңа үлгідегі заттық – дамыту ортасын құруды қамтамасыз ету;
  • Балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
  • Балалардың бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту;
  • Балалалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;
  • Тәрбиеленушілердің  дене, зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.

Ұйымның құрылымы:

Құрылтайшы суреті
Құрылтайшы
Нурмаханова Райкүл Жахатовна
Алғашқы басшы және кәзіргі құрылтайшы – Нурмаханова Райкүл Жахатовна жоғары білімді білікті маман, 2000-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітіріп Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алды. 2021 жылдың 19.04-29.04.- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық менеджмент» курсын оқып шықты. 2023 жылда 01.04. Сулейман Демирель атындағы университетте өткен «Бала дамуындағы ойынның маңызы» тақырыбында республикалық семинар-практикумға қатысып сертификат алды. 2016-2017 оқу жылдары «Арлан» балабақшасында әдіскер қызметін атқарды, 2017-2018 оқу жылдары «Аймекен» балабақшасының меңгерушісі болып тағайымдалған, 2019-2022 жылдары «Сүмбіле» балабақшасының меңгерушісі болып қызметт атқарды. 2022-жылы жаңа «Сүмбіле-2» балабақшасы ашылып құрылтайшы қызметіне кірісті.
Меңгеруші суреті
Меңгеруші
Умирзакова Таншолпан Налибаевна
17.05.1993
Білімі: Жоғары
Оқу орны: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты.
Педагогикалық өтілі: 5 жыл
Психолог сурет3
Психолог
Богачева Улпан Бекмухамедовна
15.02.1983
Білімі: Жоғары
Оқу орны: Алматы номер 2 педагогикалық колледжі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Педагогикалық өтілі: 8 жыл
Тәрбиеші суреті
Тәрбиеші
Әбутәліп Зарина Тимурқызы
16.09.2005
Білімі: Жалпы орта
Оқу орны: Қостанай жоғары педагогикалық колледжі КМҚК.
Педагогикалық өтілі: 1 жыл
Тәрбиеші суреті
Тәрбиеші
Уйсинбаева Бакыт
10.10.1976
Білімі: Жоғары
Оқу орны: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.
Педагогикалық өтілі: 9 жыл

Мекенжайымыз

Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбулақ округі, Кокқайнар ауылы, Жер ана саяжайы, Клубничная -436.

API карт 2ГИС